Мемлекет басшысының жарлығымен жаңа көлік министрі тағайындалды. Бұл қызметке «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Нұрлан Сауранбаев келді. Бұрын бұл қызметті Марат Қарабаев атқарған. 8 маусымда президент оны қызметінен босатқан болатын. Содан бері бұл лауазым бос тұрды.