Қостанай облысында АИТВ дертін жұқтырған ер адам 13 жастағы өгей қызын зорлаған. Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға жасөспірімнің анасы үйде жоқ кезде болған. Зардап шегуші ауыр дертті жұқтырмағаны айқындалды. Қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды. Жәбірлеуші өмір бойына бас бостандығынан айырылды.