Түзету мекемесінен шыққандарға 15 АЕК көлемінде жәрдемақы беріледі

Түзету мекемесінен шыққандарға 15 АЕК көлемінде жәрдемақы беріледі. Биыл Конституция күніне орай 15 мың адамға рақымшылық жасалады. Рақымшылыққа іліккендердің қатарында шетел азаматы да бар. Жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған азаматтарды босату биылғы амнистия туралы жарлық аясында жүзеге асады. «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ халықтың әлеуметтік осал топтармен жұмыс бөлімінің маманы Ақшолпан Асанованың айтуынша, түзету мекемелерінде жұмыс істегендер 6 айға дейін жәрдемақы алуына болады. Орталық тіпті 4 айлық курстарға да жолдама береді.