Жүк көліктерінің салмағы автоматты түрде өлшенеді. Бұл үшін елдегі күрежолдар бойынша автоматты өлшеу станциялары қойылып жатыр. Жаңа тәсіл жол сапасын жан-жақты қадағалауға мүмкіндік береді дейді Көлік министрлігінің мамандары. Қазір елде 450 мыңнан астам жүк көлігі бар. Олардың 60 мыңы Астанада тіркелген. Сондықтан жаңашыл технология алдымен елордада қолға алынды.