«Сырым» шекара бекеті жабылады

Елдің батыс шекарасындағы «Сырым» өткізу бекеті 4 тамыздан бастап жөндеуге жабылады. Сол кезеңде бекеттен тәулігіне қатынайтын жүк көліктерінің саны 700-ден 250-ге дейін қысқарады, ал жеңіл және қоғамдық көліктерге Тасқала, Шаған, Ақсай бекеттері арқылы шекарадан өту ұсынылады. Жөндеу жұмыстары келер жылдың соңына қарай аяқталады деп жоспарланған. Қайта жаңғыртудан кейін бекет арқылы Ресейге өтетін адам саны тәулігіне 6 мыңнан 10 мыңға, көлік саны 3 мыңнан 5 мыңға артпақ. Құрылыс жұмыстарына 21 миллиард теңге жұмсалады.