Ақмола облысының аумағында блок-посттар тәулік бойы қайтадан жұмыс істей бастайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Облыстың ішкі саясат басқармасының мәлімдеуінше, аймақта қауіпті коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін 24 шілде күні 00:00-ден бастап Ақмола облысында карантиндік шаралар енгізіліп, локдаун аяқталғанға дейін күшінде болады..
Бурабай ауданы ерекше бақылауға алынып, мұнда 6 блок-пост пен 7 мобильді топ жұмыс істейтін болады.