Қазақстанда “Білім” арнайы тарифі іске қосылады

Қазақстанда “Білім” арнайы тарифі іске қосылады. Ол оқушылар мен мұғалімдерге арналған. Тариф құны – 990 теңге. Оны тамыз айының екінші жартысынан бастап пайдалануға болады деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы. Бұл тиімді тарифті еліміздің барлық ұялы байланыс операторы енгізеді.

Мұғалімнің, оқушының қосылу шарттарын білім және ғылым министрлігі анықтайды деді байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаментінің директоры Гүлнәр Бөкеева. Тариф бойынша отандық білім беру ресурстарын тегін қолдануға болады.