Демалыс күндері карантин тәртібі сақталады. 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуы шектеледі. Қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтайды және демалыс күндері жұмысқа баруға тыйым салынады. Денсаулық сақтау министрлігі осылай деп мәлімдеді.
17 тамыздан кейін карантин шаралары біртіндеп жеңілдейді. Министрлік мәліметінше, барлық өңірде сауда ойын-сауық орталықтары, сауда желілері, жабық базарлар, сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтар, косметологиялық қызмет көрсететін кәсіпкерлік субьектілерінің қызметі жанданады.
Бассейні жоқ фитнес орталықтар, моншалар мен сауналар, білім беру орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтары, ашық ауадағы аттракциондар жұмысын бастайды. Ескеретін жайт, аталған субьектілер мейлінше жартылай қуаттылықпен жұмыс істейді.