Коронавирустың тәуліктік өсімі төмендеді. Ол – 0,5 процентке тең. Бас мемлекеттік санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова осылай деді. «Қазіргі кезде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтану үрдісі байқалады. Тіркелген Covid-19 жағдайларының жалпы санының 77 пайыздан астамы емделіп, күнделікті өмірге оралды», – деді бас мемлекеттік санитария дәрігері.