Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандық кәсіпкерлерден санитарлық шараларды қатаң сақтауды сұрады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Цой бизнес өкілдерінің санитарлық қауіпсіздік талаптарына барынша жауапкершілікпен қарауы керегін ескертті.
Cондай-ақ, министр кәсіпкерлер арасындағы талап бұзушылықтың алдын алу және анықтау үшін қоғамдық бақылау жұмыс істейтінін айтты. Сондай-ақ www.infokazakhstan.kz сайты аясында санитарлық талаптардың бұзылуы туралы ақпаратты СЭС қызметіне жіберу мүмкіндігі бар деді.