Көкшетауда 13 жастағы қызды зорлау және өлтіру ісі жабылды. Аталған іс күдіктінің өліміне байланысты тоқтатылды деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаменті. Ақпарат бойынша, қылмыстық іс материалдарымен жәбірленушінің өкілдері мен күдіктінің анасы адвокатымен бірге танысқан. Олар алдын ала тергеу органдарының дәлелдеріне қарсы шықпаған және қабылданған процессуалдық шешімге келіскен. «Соталды тергеу барысында 10-нан аса сот сараптамасы жүргізілді. Күдіктіден жауап алынғаннан кейін ол өз-өзіне қол салған», – деп хабарлады полиция өкілдері. Еске салайық, шаштаразға кетіп, оралмаған оқушының денесі бір аптадан кейін зорлық-зомбылық белгілерімен табылған.