Қазақстан Қытайға шекарадағы жағдайға байланысты нота жолдады.

Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді деп хабарлайды baq.kz. “Пандемия жағдайында Қытай қазақстандық тараптан қабылданған автокөлік құралдарының санын тәулігіне 20-30 бірлікке дейін шектеді. Ал пандемияға дейін күн сайын 200-ден астам көлік құралы “Нұр жолы” бақылау-өткізу пункті арқылы Қытай жағына өтетін. Бақылау-өткізу бекеттерінің өткізу қабілетін арттыру және жағдайды шешу үшін Қытай тарапымен келіссөздер жүргізілді”, – деп жауап берді Үкімет басшысы.