Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды сыбайлас жеқорлыққа қарсы қызметтің Telegram каналы. Ол облыс кәсіпкерлерінен өз өкілеттігінің аясына кіретін шешім қабылдағаны үшін ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді. 14 тамызда соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. “Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды”, – дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.