Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Оның айтуынша, 9 ақпандағы жағдай бойынша “қызыл” аймақта 7 өңір бар. Олар – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Атырау, БҚО, Ақмола, Алматы, Ақтөбе облыстары. Министр Нұр-Сұлтан мен Алматы “қызыл” аймақта 28 күн, БҚО 20 күн, Атырау облысы 2 апта, Ақтөбе және Алматы облысы 1 апта, Ақмола облысы бір тәулік тұрғанын айтты. “Сары” аймақта Шымкент және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған 8 өңір “жасыл” аймақта.