Топ мүшелерінің жасы 26-дан 32 жасқа дейін. Ұсталғандар жергілікті кәсіпкерлердің бірінен 2,5 миллион теңге бопсалап, оның Subaru Outback автокөлігін тартып алған. Бүгінде олардың облыс аумағында бірқатар ұқсас қылмыс жасауға қатысы бар екені анықталған. Жедел ақпарат бойынша, бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдіктілер “ұрылар идеологиясын” ұстанып, оны жастар арасында насихаттаған. Топ мүшелері қару қолданып, ақша бопсалаған. Тінту барысында олардан жәбірленушілерді қорқыту үшін қолданылған есірткі, суық және атыс қаруы тәркіленді. Осы деректер бойынша Қылмыстық кодекстің “Бопсалау” бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.