Ақмола облысында ұшақ апатқа ұшырады

Ақмола облысында ұшақ апатқа ұшырады. Державинск қаласынан 10 шақырым жерде АН-2 ұшағынан өрт шыққан. Зардап шеккендер жоқ. Ұшқыш жанып жатқан техникадан өздігінен эвакуацияланды. Құтқарушылар өртті ауыздықтап, толығымен сөндірді. Төтенше жағдайлар министрлігі осылай деп хабарлайды. Бұл жағдайға қатысты көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрылатынын айтты.