Ақмола облысында шектеу шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды «Хабар 24». Себебі, аймақта коронавирус дерті дендеп барады. Өткен тәулікте 100 адам осы індетке шалдыққан. Мұны мамандар қауіпті вирустың елордада өршуімен байланыстырады. Себебі, ауру анықталған аудандардың көбі астананың айналасында орналасқан. Сонымен, 11 сәуірден бастап өңірде барлық мәдениет нысандары мен кинотеатрлардың жұмысы тоқтатылады. Сондай-ақ жүйелі емес туристік бағыттағы автобус қатынастары да доғарылады. Ал, азық-түліктік емес жабық сауда орындары сенбі және жексенбі күндері жабылады. Дәл осындай шектеу сауда ойын-сауық орталықтарына да қатысты. Демалыс күндері тек азық-түлік сататын орындар ғана жұмыс істей алады.