Ақмола облысының туристік аймақтары 24 шілдеден 3 тамызға дейін 10 күнге жабылады.
Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақмола облысы Туризм басқармасының ресми Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.Бұл шектеулер коронавируспен күрес шараларына тікелей байланысты. Енді туристік аймақтарға кірерде периметр бойынша блок-бекеттер қойылады және трафик шектеледі.
Ерте келген туристерге курорттар мен қонақ үйлерде қалуға тура келеді. Одан бөлек, міндетті түрде маска тағып, бір-бірімен ара-қашықтық сақтау керек. Қонақ үй жұмысшыларына алдын ала тапсырыс алуға тыйым салынады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет ететін курорттар өз жұмыстарын жалғастырады.