Ақмоладағы 95 автокөлік апатының себебі хабарланды. Жаппай жол апаты жүргізушілердің бірін-бірі басып озуға тырысқандығынан болуы мүмкін. Төтенше жағдайларды жою департаменті бастығының орынбасары Аслан Уәкішев осылай деп мәлімдеді. «Боранды күндері Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері колоннаны алып жүрді. Алайда сол жерде бір-бірін басып озуға тырысқан жауапсыз жүргізушілер болған. Барлығы осыдан туындаған болуы мүмкін. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр, — деді Аслан Уәкішев баспасөз мәслихатында. Спикер Төтенше жағдайлар министрлігінің құзыретіне жәбірленушілерді құтқару және эвакуациялау кіретінін еске салды.