АҚШ қарулы күштерінің Йеменге жасаған соққысынан 68 адам қаза тапты. Жарақат алғандардың саны – 47 адам. Йемендегі «Ансар Аллах» қозғалысының Al Masirah телеарнасы осылай деп хабарлады. Оқиға кезінде орталықта 115 мигрант болған. Олар негізінен Африка елдерінен келген азаматтар. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Газа секторындағы жағдай шиеленіскеннен кейін, хуситтер Израиль аумағына шабуыл жасайтынын және Израильмен байланысы бар кемелердің Қызыл теңіз бен Баб-эль-Мандеб бұғазынан өтуіне жол бермейтінін мәлімдеген еді. АҚШ әскери күштері соңғы бір апта ішінде Йемен аумағына кем дегенде 260 әуе соққы жасаған.