Тіпті коронавирус дертінен айығып шыққанын дәлелдейтін анықтаманы да сұрамайды. Шектеу шараларының жеңілдеуіне аймақтағы эпидахуалдың жақсаруы себеп болды. Жергілікті билік жағдай қайта ушығатын болса, талаптардың қатаңдатылатынын ескертеді. Десе де мамандар туристерге сапарға шығар алдында жіті тексерілуге кеңес береді. Ұлыбритания мен Канада ПТР тест талабын наурыз айында алып тастады. Ал Түркия шектеу шараларын маусымның басында жеңілдетті. Ал Қазақстанда маусымның 8-інен бастап туристерден ПТР тест нәтижесі талап етілмейді.