АҚШ президенті Дональд Трамп Бейрутте болған жарылысты шабуыл деп атады.
Ол неліктен мұндай пікірде екенін түсіндіріп берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Трамп баспасөз мәслихатында сөз сөйлеп, Ливан астанасында болған қайғылы оқиғаға қатысты кейбір генералдармен кеңескенін атап өтті деп жазды РИА Новости.
Осылайша, АҚШ президенті және онымен кеңескен әскерилер Бейрутке шабуыл жасалған деген пікірді ұстанып отыр. Трамп өз көзқарасын дәлелдей отырып, жарылыстың сипатына назар аударды. Ол Ливан астанасындағы портта өндірістік жарылыс болды деп есептемейді. “Олар шабуыл болды, әлдебір бомба жарылды деген ойда”, – деп келтірді басылым Трамптың сөзін. Сондай-ақ, ол АҚШ-тың Ливанға көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.