АҚШ президенті Дональд Трамп канадалық болат пен алюминийге баж салығын 50%-ға дейін көтермек. Осы ретте Трамп Сауда министріне қосымша баж салығын енгізуді тапсырды. Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында ол тарифтер сәрсенбі, 12 наурызда күшіне енетінін жазды. Оның айтуынша, бұл Канаданың электр энергиясына орнатқан 25 пайыздық тарифіне жауап.