АҚШ соты Храпуновтарға қатысты қаулы шығарды. Нью-Йорк соты Храпуновтар көптеген заң талаптарын бұзып, дәлелдерді әдейі жойған деп мәлімдеді. 3 қыркүйекте АҚШ Округтік соты Ильяс пен Виктор Храпуновтарға қарсы сот өндірісінің тәртібін бұзғаны үшін айыппұл салу туралы кезекті қаулы шығарды. Бұл осымен бесінші шешім.
Айыппұлдың нақты мөлшері талапкерлердің өздері жұмсаған сот шығындарының сомасын сотқа ұсынғаннан кейін белгіленеді. Бұл туралы Қазақстанның Әділет министрлігінің ресми сайты хабарлады. Судья Кэтрин Паркер Храпуновтар кейбір дәлелдердің өз қолдарында жоқтығы туралы жалған жауап берген деген қорытындыға келді. Сот Храпуновтардың осы іс бойынша кейбір сот қаулыларын, соның ішінде Ильяс Храпуновтың құпия айғақтарды рұқсатсыз таратуға салынған тыйымды бұзғандығын анықтады.