АҚШ-та афроамерикалықты тұншықтырған полицейлер жұмыстан шеттетілді. Нью-Йорк штатында полицейлер Даниэль Прудты қаппен тұншықтырған болатын деп хабарлады РИА Новости. “Мен қалалық кеңестің ұсынымына қарамастан бұл полицейлерді жұмыстан шеттетемін және бас прокурорды тергеуді аяқтауға үндеймін. Полиция кәсіподағы мені сотқа бере алатынын түсінемін, бұл – олардың құқығы”, – деді қала мэрі Лавли Уоррен брифинг кезінде. Жергілікті Rochester First телеарнасы жеті полицейдің қызметтен шеттетілгенін хабарлады. Қоса кетсек, Монро округінің сот-мединица сараптамасы механикалық асфиксия, тұншығу салдаранын Пруд қайтыс болған, яғни өлтірілген деген шешім шығарды.