АҚШ-та Pfizer вакцинасын сынақтан өткізуге қатысқан алты адам қайтыс болды. Бұл туралы АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасы жөніндегі басқармасының есебінде айтылды деп хабарлайды РИА Новости. Қайтыс болғандардың төртеуіне плацебо, екеуіне вакцина салынған. Вакцина салынғандардың бірінде семіздік және атеро.склероз болған, ол препараттың бірінші дозасы салынғаннан кейін үш күннен соң қайтыс болды. Екінші еріктіге препараттың екінші дозасы салынғаннан кейін 60 күннен соң жүрегі тоқтап қалған. Қайтыс болған алты адамның үшеуінің жасы 55-тен жоғары. Айта кетейік, жалпы вакцинаны сынақтан өткізуге 16 жастан асқан 38 мың ерікті адам қатысты.