АҚШ-та “Старлайнер” атты жаңа ғарыш кемесі ұшырылды

АҚШ-та “Старлайнер” атты жаңа ғарыш кемесі ұшырылды. Ғарыш кемесімен алғаш рет астронавтар ұшты. Оларды кеме Халықаралық ғарыш станциясына жеткізуге тиіс. “Атлас-5” зымыран тасығышы 5 маусымда Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан көкке самғағанын NASA-ның YouTube-тегі арнасы тікелей эфирде көрсетті. Экипаж ол жақта бір аптаға жуық “Старлайнер” сынақтарын өткізбек. 2019 жылы желтоқсанда экипажсыз өткен алғашқы сынақ рейсі сәтсіз аяқталды. Ол кезде кеме жоспардағы орбитаға жете алмаған. Бұл жолы оны үшінші рет ұшырып отыр.