Санкция салынған Ресей тұлғаларының тізімін АҚШ-тың мемлекеттік департаменті ресми сайтында жариялады. Жаңартылған тізімге Ресейден 45 заңды, 29 жеке тұлғасы енген. Олардың қатарында тележүргізуші Тина Канделаки, Ресейдің бұрынғы қорғаныс министрі Анатолий Сердюковпен оның жары Наталья Сердюкова және олардың екі баласы бар. Санкцияға ілінгендердің АҚШ-тағы шоты бұғатталды. Сонымен қатар олармен қаржылық операциялар жүргізуге болмайды. Айта кетейік, бұған дейін Ресей үкіметі АҚШ президенті Джо Байденнің әйелі Джилл Байден мен олардың қызы Эшлидің елге кіруіне тыйым салған еді.