“Ақша алмаған”: Белгілі композитор басы дауға қалған Ернар Айдарды сөз етті

Қазақстанның мәдени қайраткері, танымал продюсер, Бауыржан Есебаев “Уақыт көрсетеді” деп аталатын YouTube парақшасында сұхбат беріп, Ернар Айдармен басы дауға қалғаннан кейінгі әңгімесін сөз етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы. Ол лоторея ойнатамын деп басы дауға қалған әншімен сөйлескенін мәлім етті. “Сол оқиғадан кейін Ернарды көрдім.

Соңғысы, кеше ғана хабарласты. Ернардың не дейтінін біліп отырсың ғой, болған жайттың себептерін айтады. Басына іс түсіп, лотореядан шатылып қалғаннан кейін маған хабарласты. “Аға, бұл не болып кетті, өзі? Не істесем болады” деп. Оған “сенікі дұрыс емес, лоторея – харам, оған қайдан кіріп жүрсің” деп едім, “мен подписчиктерімді пайдаланып қаншама рет жарнама жіберіп отыр едім, солардың бірі секілді етіп жіберіп едім, пәлеге ұрындым” деп ақталды.

“Барынша, шамаң келгенше, сенің мойныңда жүктеліп тұрған дүние – халықтың ақшасын қайтарып беру” дедім. Себебі, ол жерде миллиондаған теңге жатыр. “Бұл халықтың ақшасы, шамаң келгенше осы ақшаны қайтарып беруге атсалыс” дедім”, – деп есіне алды ол.