Ақтөбе облысында жазатайым оқиға салдарынан үш жасар бала көз жұмды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оқиға 8 желтоқсанда Самара-Шымкент тасжолында болған. “Тoyota Сamry 30 көлігінің 30 жастағы жүргізушісі Хромтау қаласынан Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылы бағытында келе жатып, рөлді басқара алмай, көлік шұңқырға аударылып кеткен”, – делінген ІІМ баспасөз қызметі хабарламасында. Әйел Әйтеке би ауданының ауруханасына жеткізілген, алған жарақаттарынан үш жасар бала жол апатынан оқиға орнында көз жұмды. Тергеу басталды.