Ақтөбеде 5 және 6 жасар екі бала суға батып кетті

Ата ана қарауынсыз қалған балалар Бекқұл баба ауылындағы Жаман Қарғалы өзеніне батып кеткен.  Осыдан кейін оқиға орнына сүңгуірлер мен психологтар жіберілген. Құтқарушылар жеткенше сол жердегі адамдар бір баланың денесін жағаға алып шыққан. Ал, екінші баланың денесін сүңгірулер 3 метр қашықтықтан, 7 метр тереңдіктен тапқан. Ведомство мәліметінше, суға батып кеткендер бір отбасының балалары емес. Қазіргі уақытта балалардың ата-анасыз қалай суға барғаны анықталуда.