Ақтөбеде аттас адамдардың Ashyq-тағы статусы ауысып кеткен

Ақтөбеде аттас адамдардың Ashyq-тағы статусы ауысып кеткен. Жүйедегі қате салдарынан Ақтөбе тұрғыны бірнеше күннен бері жұмысқа бара алмай, Ashyq жүйесіне қосылған нысандарға кіре алмай жүр. Коронавируспен ауырмаған тұрғынның Ashyq-тағы статусы қызылды көрсетіп тұр. Анықталғандай дертті жұқтырған адамның толық аты-жөні Ақтөбе тұрғынымен бірдей, бірақ туған күні мен тұрғылықты мекенжайы әртүрлі. Айта кетейік, емхана өз қатесін мойындаған, бірақ әзірге қатені ешкім түзетпеген. №4 емхананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы бұл жылжымалы бригада дәрігерінің деректерді қате енгізуіне байланысты болғанын айтты. Дерек бойынша ішкі талдау жүргізілгенімен әзірге нәтиже жоқ.