Ақтөбеде бала зорланды деген мектептің басшылары үстінен қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбеде “7 жасар бала зорланды” делінген мектеп әкімшілігінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Мектеп басшылары “балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүктелген міндеттерді тиісінше орындамады” деген күдікке ілініп отыр. Жақында Ақтөбедегі мектептердің бірінде “жоғары сынып оқушыларының әжетханада 7 жасар баланы зорлағаны” туралы ақпарат тараған. Оқиға наурызда болған. Өткен аптада мектеп директоры мен тәрбие жөніндегі орынбасары қызметтен шеттетілген еді. Ал күдікке ілінген мектептің директоры “бұл мүмкін емес жағдай” деп санайды.