Ақтөбеде әлеуметтік картопты сатуға шектеу енгізілді

Ақтөбеде әлеуметтік картопты сатуға шектеу енгізілді. Әлеуметтік павильондарда картоптың бір келісі 116 теңгеден сатылып жатыр. Бірақ бір адамға бір пакеттен артық берілмейді. Мұндай шектеу алыпсатарлармен күрес үшін қабылданған. Себебі, арзан картопты қаппен алғысы келетіндер көп. Бұл ретте жергілікті тұрғындар тұрақтандыру қорынан алынған әлеуметтік бағадағы картоптың арасында бұзылған, ұсақ өнім көп деп шағымданып жатыр. Ал сұрыпталған және ірі картоптың бір келісі – 399 теңге.