Ақтөбе соты ер адамға кәмелетке толмаған қызбен қарым-қатынаста болғаны үшін үкім шығарды деп хабарлайды “Астана” телеарнасы. Тергеу барысында айыпталушы ауруы туралы білген, сонда да екі жыл бойы жәбірленушімен жыныстық қатынаста болғаны анықталды. Қылмыстық іс бірден екі бап бойынша қозғалды. Жабық сот отырысы кезінде ер адам өз кінәсін толығымен мойындады. “Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, қылмыстық-түзету мекемелерінде 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”, – деді Ақтөбе облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың жетекші маманы.