Мамандандырылған ХҚКО-ның қызметкерлері азаматтарға 200 мың теңгеге жүргізуші куәлігін алып берген. Polisia.kz сайты. Міндетті теориялық емтиханнан өту кезінде орталық қызметкерлері алдын ала ақша берген кандидаттардың тізімін жасап отырған. Емтихан тапсырушы құлақаптармен, микрофонмен және камерамен жабдықталып, компьютер сыныбына өтіп, мониторда шыққан сұрақтарды қылмыстық топтың мүшесіне көрсетіп отырған. Осылайша азаматтар тестті заңсыз тапсырып, жүргізуші куәліктеріне қол жеткізген. Қазіргі уақытта қылмыстық схемаға тартылған адамдардың әрекеттері құжатталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.