Ақтөбедегі перзентханалардың бірінде бала сату дерегі анықталды

Ақтөбедегі перзентханалардың бірінде бала сату дерегі анықталды. Бұл дәйек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жай және осы іске қатысы бар адамдарды анықтау үшін қажетті тергеу жүргізіліп жатыр, — деп атап өтті Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Былтыр Қазақстанда бала сатудың алты оқиғасы анықталды. Балалар ел ішінде сатылған. Елімізде бала саудасы үшін 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.