Ақтөбенің Қопа ауылында жанжалдан соң оқушы қаза тапты. Бұл дәйек бойынша Темір ауданы полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүріп жатыр. Жанжалдың барлық қатысушысы анықталып, полицияға жеткізілді. Екі күдікті ұсталды. Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі осылай деп хабарлады. Өзге де ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды. Қоса кетейік, оқушының өліміне байланысты облыстық білім басқармасында жұмыс тобы құрылды.