Қаңтар қақтығысында Алматы әкімдігіне шабуыл жасағандарға қатысты сот басталды

Қаңтар қақтығысында Алматы әкімдігіне шабуыл жасағандарға қатысты сот басталды. Істі Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Сотталушылардың мүддесін 7 адвокат қорғады. Қаңтар оқиғасы кезінде орташа және аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталған 11 сотталушыға қатысты қылмыстық істі судья Б. Болатов жүргізді. Қылмыстық іс бойынша куәгерлерден жауап алынып жатыр. Содан кейін сотталушылардан жауап алынады. Естеріңізе сала кетейік, қаңтар қырғынында елде 1528 бизнес субъектісі зардап шеккен. Оның 1408-і Алматыда. Ең қатты зардап шеккен – Республика алаңы аумағында орналасқан нысандар. Бүлінген ғимараттардың көбі қалпына келтірілді, кейбірі толықтай бұзылды.Жалпы шығын көлемі 95,3 млрд теңгеге жеткен. Алматы әкімдігінің ғимаратын қалпына келтіруге республикалық бюджеттен 17 млрд теңге бөлінді.