“Қаңтар қасіретін” ұйымдастырғандар анықталды

Елде бүлік шығарып, қол бастаған – “Йакын Инкар” радикалды ұйымы. Бұл туралы Бас Прокуратура хабарлайды. Аталған радикалды ұйым “Таблиғи Жамағат” лаңкестік ұйымының бір қанаты саналады. Олардың басты мақсаты – халифат орнату және ел конституциясын күшпен өзгерту. «Йакын Инкар» экстремистік ұйымы Қазақстан аумағында тиым салынған террористік құрылымдардың ұлттық тізіміне енген.