Бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс депутаттары алдында Қаңтар оқиғасы кезінде болған жағдайдың алғашқы ақпаратын айтты. Оның сөзінше, қайғылы оқиға барысында еліміз бойынша 230 адам қаза тапқан. Оның 19-ы қауіпсіздік қызметкері. Шабуыл жасаған 63 адамның көзі жойылды. Енді 53 адамның неден қаза болғаны анықталуда. Сондай-ақ қазір 20 жазықсыз адамның оққа ұшқаны нақты белгілі, — деді Бас прокурор.