Бұл туралы Бас прокуратураның арнайы прокурорлық қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлімдеді. Ол рұқсат етілмеген жауап алу әдістерін қолдану деректері бойынша қылмыстық істі арнайы прокурорлар өз бақылауына алғанын айтты. Бұған дейін оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеген. Осыған дейін мұндай істердің барлығы арнайы прокурорларға тапсырылмаған, тек ұсталғандардың өлімі тіркелген жағдайларда тапсырылған. “Алматыдағы уақытша ұстау изоляторында екі адам, Шығыс Қазақстан облысында үш адам және Талдықорғанда бір адам қайтыс болды. Азаптау бойынша атышулы Талдықорғандағы істі қарадық. Осы деректер бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оның нәтижесін міндетті түрде хабарлаймыз”, – деді Ризабек Ожаров.