“Олар билік өкілдеріне зорлық-зомбылық жасау, бөтеннің мүлікін жоюға байланысты ауыр қылмыстар жасады, бұдан басқа, залалды өтемеді және өтелмеген соттылығы бар”, – деді Қилымжанов. Бұл туралы Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов хабарлады. Оның айтуынша, арнайы прокурорлар жаппай тәртіпсіздікке және 32 лаңкестік актісіне қатысты 53 қылмыстық іс тергеп жатыр. Еліміздің сегіз аймағында 30 мыңнан аса тергеу әрекеттері жүргізілген. 4 мыңнан аса сот-медициналық сараптама тағайындалған. “Қазір 349 күдікті қамауда. Олардың қарақшылық шабуылдарға, ғимараттарды өртеуге, атыс қаруын ұрлауға, мемлекеттік нысандар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасауға белсенді қатысқаны анықталды. Қаңтар оқиғасы бойынша сотқа барлығы 429 қылмыстық іс жолданды, олар бойынша 545 адам сотталды”, – деп қорытындылады арнайы прокурор.