Бұл туралы Бас прокурордың аға көмекшісі Азамат Сарғазин мәлімдеді. Қазір прокурорлар өтініші бойынша 676 адам қамақтан босатылды. 344 адамның айыппұлы ескертуге ауыстырылды. “Соттар осы оқиғаға байланысты барлығы 8 354 әкімшілік іс қарады. Соттар мен прокурорлар жеңілдететін мән-жайлар мен кінәлі адамдардың өкінуін ескеріп жатыр. Прокурорлардың жазаны жеңілдетуге және айыппұлды ескертуге ауыстыруға бағытталған 738 өтінішхаты қаралып жатыр. Бұдан бөлек, тағы 358 әкімшілік іс материалдары сотқа жіберілмей тоқтатылды. Сотпен әкімшілік қамаққа алынған адамның көпшілігі босатылды. Қалған істер бойынша жұмыс жалғасып жатыр”, – деді Азамат Сарғазин.