Ақтауда бір топ ер адам қызды зорлап, оның атына несие рәсімдеген. Жаттықтырушы қыз Алина Серікова қылмыскерлердің қолынан қаза тапты. Бес ер адам бірнеше сағат бойы қызды есірткі тұтынуға мәжбүрлеп, қинаған. Азғындар қыздың атына 2 миллион теңгеге тауарлық несие рәсімдеген. Марқұмның ағасы Бауыржан Жолжан бұл несиенің қалай өтелетінін айтты. Сот апелляцияны қарап, сотталушылардың үкімін өзгертті. Нәтижесінде оларға материалдық және моральдық залал, сондай-ақ несиені жабу үшін екі миллион теңге төлеу тағайындалған. Айта кетейік, басты күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылып, қалған айыпталушыларға 16 және 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.