Ақтауда көп қабатты үйдің лифтісі бірінші қабаттан төменге құлап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24». Оқыс оқиға 17 шағын аудандағы тұрғын үй кешенінде болған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Тұрғындар бір-біріне сыртқа шығуға көмектесті. Лифт ішінде 10 шақты адам болған. Арасында кішкентай балалар мен әйелдер бар. Айта кетейік, полицияға және Төтенше жағдайлар департаментіне шақырту түспеген.