Желіде осындай ақпарат тарады. Kaz Fruit Company мекемесінің бас директоры Замин Сафаров бұл жалған ақпар дейді. Ол сәбіздің бағасына қатысты мәлімдеме жасады. Видеоны Маңғыстау облысы әкімдігінің Instagram парақшасы жария етті. Сафаровтың айтуынша, дүкен сөрелерінде сәбіздің бағасы келісіне 90 теңгеден басталады. Ол дүкендерде сәбіз ассортименті әртүрлі және оның бағасы өндіруші елге байланысты екенін түсіндірді. “Біздің кәсіпорында сәбіздің бірнеше түрі бар. Әлеуметтік маңызы бар, тұрғындардың басым көпшілігі тұтынатын сәбіз 185 теңгеге тең. Тіпті, 90 теңге тұратын сәбіз де бар. Премиум санаттағы сәбіздің бағасы 450 теңгеден басталады. Израильден тасымалдайтын сәбіз 745 теңге тұрады. Оның өз бағасы 700 теңгеге шығады”, – дейді компания бас директоры. Оның айтуынша, қымбат сәбіздің бұл санаты аз мөлшерде сатылады және өз тұтынушылары бар.