Ақтаулық дәрігерлер коронавирустан жазылып шыққан азаматтардың қан орталығына келуін сұрайды.
Айтуларынша, дерттен сауығып тұрғандар иммундық плазма, яғни қан тапсыру арқылы басқа науқастардың тез жазылуына көмектесе алады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Өкінішке қарай, қазіргі уақытта донорлардың орталыққа келуі күрт азайып кеткен. Ақ халаттылар мұны әлемді жайлаған пандемиямен байланыстырады. Олар СOVID-19 сырқатынан жазылып шыққан өңірдің 400 тұрғынымен жеке-дара сөйлесіпті.
Алайда тек бір адам ғана қан тапсыруға келісім берген. Медицина қызметкерлері әлі де болса күдер үзбей, иммундық плазма донорларын іздестіріп жатыр.