Ақтаулық полицейлер ер адамды қорлап, 8 млн теңге бопсалаған күдіктілерді ұстады. Қылмыстық топ 4 адамнан тұрады. Тергеу мәліметінше, олар жәбірленушіні алдап жалдамалы пәтерге әкелген, деп хабарлайды «Хабар 24». Сол жерде электрошокер, дубинка және пышақпен қинаған. Күдіктілер барлық әрекетін смартфон камерасына түсіріп отырған. Жедел-іздестіру және құрықтау шарасы ҰҚК департаменті қызметкерлерімен бірлесе өткізілді. Белгілі болғандай, топ мүшелері деструктивті діни ағымның өкілдері екен.