Абай облысында 30 мың гектар орман өртеніп жатыр. Әуеден түсірілген видео жарияланды. 6 учаскеде өртті сөндіру жалғасуда. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті сөндіруге көмектесіп жатыр. 6 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылуда. Өрт ошақтарына әуеден 55 рет су төгілді, жалпы көлемі 154 тоннаға тең.